RU
Алматыда бір тәулік ішінде тоғыз адам менингит жұқтырған
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда бір тәулік ішінде тоғыз адам менингит жұқтырған

Рассказать Вконтакте

Алматыда менингит дертін жұқтырғандар саны күн санап артуда. Тағы тоғыз адам менингит диагнозымен бір тәуліктің ішінде емханаға жүгініпті. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Науқас. Көрнекі фото: gagauz.md

Науқас. Көрнекі фото: gagauz.md

Бүгінде қаланың емханаларында 41 адам аталмыш дерттен ем қабылдауда. Алты адам менингиттен тіл тартпай кеткен. Телеарна мәліметіне сәйкес, ауырғандардың жартысына дерлігі ораза ұстап жүріпті.

Бүгінде аламатылықтар жаппай бетперде сатып алуда. Жеке клиникалар тұрғындарға 22 мың теңгеге дертке қарсы екпе салып беріп жатыр.

Алайда мамандар екпе дерттен жүз пайыз қорғамайтынын ескертіп отыр. Дәрігерлер алты адам емханаға кеш жүгінгендіктен, қайтыс болғанын алға тартты. Олардың үшеуі ораза ұстап жүрген.

Менингит жұқтырған адамдардың қасында болған 2256 тұрғынға дертті болдырмау мақсатында ем шаралары жүргізілді. Олардың 2084-і емді толықтай алып шыққан.

Инфекциялық емханаға жүгінетіндер саны екі есеге артып кетті. Балалар бөлімінде дәрігерлер күніне шамамен 400 баланы тексеруде.

Еске салсақ, бұған дейін дәрігерлер Алматы жұртын дүрліктірген инфекциядан қалай қорғану керектігін айтып берген болатын.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
4
4
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір