RU
Апатты жағдайдағы лифт Алматы тұрғындарының зәресін ұшыруда
Жаңалықтар Қоғам

Апатты жағдайдағы лифт Алматы тұрғындарының зәресін ұшыруда

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде лифт кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін. Апатты жағдайдағы лифт тұрғындардың зәресін ұшырып отыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үй. КТК арнасынан скриншот

Үй. КТК арнасынан скриншот

Адамдар қауіпті лифтіден қорқып, жоғарғы қабаттарға жаяу көтеріліп-түсіп жүрген көрінеді.

Тұрғын Нуршида Айтбаеваның айтуынша, лифт жиі өздігінен тоқтап қалып, жоғарғы жағынан тарсылдаған дыбыстар шығып, шайқала бастайды екен.

Тұрғындар. КТК арнасынан скриншот

Тұрғындар. КТК арнасынан скриншот

Ал көрші үйде сынған лифтінің салдарынан зейнеткер өмірімен қош айтыса жаздапты.

"Лига ЖКХ" ЖШС төрағасы Нұрахмет Көшімбаев лифт қолданысқа берілгенде онда ешқандай ақау болмағанын алға тартуда. Ол лифтіні тұрғындардың өзі сындырған болуы мүмкін деп отыр.

Тұрғын үйге құрылыс компаниясының арнайы комиссиясы келіп, лифтіні тексеріпті. Оның нәтижесі әзірге белгісіз.

Алайда тұрғындар лифтіні жаңасына ауыстыруды талап етіп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде лифтіге жаншылған журналистің өлімі көпшілікті дүр сілкіндірген болатын.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel