RU
Астанадағы президент Кубогіне өзбек боксының жұлдызы келді
Жаңалықтар Қоғам

Астанадағы президент Кубогіне өзбек боксының жұлдызы келді

Рассказать Вконтакте

Астанада бокстан Қазақстан президентінің Кубогі бәсекесі алтыншы рет шымылдығын түрді деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Астанада басталған додаға өзбек боксының жұлдызы келді

Фото: confederation.kz

Аталмыш додада Беларусь, Жапония, Үндістан, Таиланд, Түркменстан, Тәжікстан, Ресей, Швеция, Филиппин, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, АҚШ және Қазақстан боксшылары бақ сынайды.

"Жарысқа ең мықты деген командалар қатысуда. 15 елдің өкілдері бар. Оның ішінде танымал спортшылар да аз емес. Біздің өте тартысты жекпе-жектер күтіп тұр", - дейді бокстан мемлекеттік бапкер әрі турнир менеджері Болат Әбдірахманов.

Турнирге ең көп спортшы алып келген елдер қатарында Таиланд, Филиппин, Өзбекстан мен Үндістан бар.

Мұндағы атақты спортшылардың да саны жетерлік. Мәселен, Өзбекстан құрамасынан екі Олимпиада чемпионы Астанаға келді. Хасанбай Досматов пен Шахобиддин Зоиров ел президентінің Кубогіне таласатын болады.

Қазақстан құрамасы сапында Олимпиаданың күміс және қола жүлдегерлері Василий Левит пен Дариға Шәкімова, әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев пен екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бар.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір