RU
Менингит министрдің мазасын алды: Біртанов түн ішінде Алматыға келді
Жаңалықтар Қоғам

Менингит министрдің мазасын алды: Біртанов түн ішінде Алматыға келді

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өткен түнде Алматыдағы Изатима Жекенова атындағы қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасына барды деп Вaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: talgar_akimat

Фото: talgar_akimat

Министр Біртанов аурухана қызметкерлерінің жұмысымен, науқастарды қабылдау шараларымен танысып, олармен жүздесті. Дәрігерлердің айтуынша, министр түнгі сағат 12-де келген. Бұдан басқа министр Талғардағы аудандық ауруханаға да барып, сол жақтың жағдайымен танысып шығыпты.

Фото: talgar_akimat

Фото: talgar_akimat

«Бүгін түнде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Талғар аудандық ауруханасына менингококк инфекциясына қатысты жағдайды өз көзімен көру үшін іссапармен келді. Министр медициналық көмек көрсету деңгейімен, атап айтқанда шұғыл көмек көрсету жағдайымен танысып, аурухана қызметкерлерімен менингите байланысты профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды талқылады», - деп хабарлады Талғар әкімдігінің өкілі.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір