RU
Қысқа кимеші қарындас: Айсәуле Бақытбек өзін сынаған оқырмандарды орнына қойды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қысқа кимеші қарындас: Айсәуле Бақытбек өзін сынаған оқырмандарды орнына қойды

Рассказать Вконтакте

Баян Алагөзованың тұңғышы қысқа киімді аруларды сынға алатын әншілерге шүйлікті. Ол қыздарға қысқа кимеуді үйреткенше, оларды сексуалды объект ретінде көруді доғарту керектігін айтты. Айсәуле өзін қысқа киеді деп сынағандарға, ер адам мен әйел адамның қоғамдағы орны бірдей екенін мәлімдеп, қарсы пікір айтқандарды орнына қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек. Фото: Baistars.kz

Айсәуле Бақытбек. Фото: Baistars.kz

Оның айтуынша, кішкентайынан қыздарға "Ер адамның назарын өзіңе аудартпа" деп өсіру дұрыс емес.

"Қыздарға олай үйреткенше, керісінше ер балаларға қыздарды сексуалды объект ретінде көрмей, аялауды үйрету керек. Әйел адамның да қоғамда өз орны бар, жеке тұлға екенін ұмытпауымыз керек. Қысқа белдемшем менің қаншалықты адамгершілігі мықты адам екенімді көрсете алмайды. Мен өзгелердің ыңғайсызданғаны үшін өзіме ұнамайтын киімді кие алмаймын. Егер өз қалауыңызды тежей алмасаңыз, мәселе менің белдемшемде емес. Сіздің басыңыздың ішінде", - деген Алагөзованың тұңғышы өзінің сексуалды сұлу екенін мәлімдеді.

Құрметті, әншілер! Сіздер өз әйелдеріңізді дінге сай орандырып қоясыздар. Көп адамға ауызашар беріп, өздеріңіздің қаншалықты дінге берік екендеріңізді көрсеткілеріңіз келеді. Бірақ өздеріңіздің салып жүрген әндеріңіз бен сайрандарыңыз дінге сай келеді ме? Ол жағын менен жақсы білетін шығарсыздар", - деді Айсәуле.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
0
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel