RU
Жұлдызды футбол: Қазақстандық әншілер Германия құрамасын ойсырата жеңді
Жаңалықтар Қоғам

Жұлдызды футбол: Қазақстандық әншілер Германия құрамасын ойсырата жеңді

Рассказать Вконтакте

Отандық шоу бизнес өкілдері Мәскеуде өткен Art-Football 2018 атты әлем чемпионатына қатысты. Жарыста Қазақстан құрамасы Германияны және Түркияны жеңіп кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Қазақстан құрамасы. Фото: Instagram

Қазақстан құрамасы. Фото: Instagram

13-орын үшін жартылай финалда қазақстандықтар немістерді 6:1 есебімен ойсырата жеңген. Ал түріктер 2:1 есебімен отандастарымыздан жеңіліс тапты.

Ойын Ресей астанасында екінші және үшінші маусым күндері өтті. Аталмыш чемпионат Мәскеуде осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отыр.

Биыл жарысқа әлемнің 16 елінен өкілдер келген. Олардың арасында Аргентина, Перу, Италия, Сербия, Ұлыбритания, Белоруссия, Словения, Словакия, Корея, Түркия, Румыния, Германия, Парагвай, Жапония, Қазақстан және Ресей бар.

Скриншот: art-football.ru

Скриншот: art-football.ru

Қазақстан құрамасында келесі отандық жұлдыздар болды: Мұқасан Шахзадаев, Нұржан Керменбаев, Ғаділбек Жаңай, Абдулкарим Каримов, Аян Бірбаев, Әділжан Омаров, Арман Қоңырбаев, Тәуекел Мүсілім және өзгелер.

"Бәлкім, әртістерді құрамаға тартамыз?", "Жарайсыңдар", "Біздің әртістерді Әлем чемпионатына баяғыдан жіберу керек еді", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel