RU
Қаскелеңде менингиттен мерт болған қыздың әріптестері өз шындығын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Қаскелеңде менингиттен мерт болған қыздың әріптестері өз шындығын айтты

Рассказать Вконтакте

Менингиттен қайтыс болған 19 жастағы Айжан Наурызбаева жұмыс істеген фирма қызметкерлері тексерістен өтеді. Бойжеткенмен қарым-қатынаста болған Айжанның қызметтестері басында оларды Қаскелең инфекциялық ауруханасы қабылдамағанын айтты деп Today.kz сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Айжан Наурызбаева. Фото: almaty_news

Айжан Наурызбаева. Фото: almaty_news

"Қабылдау бөлімінде дәрігер отырды, біз оған мән-жайды түсіндірдік. Әйел дөрекі түрде көмектесе алмайтынын, мекенжай бойынша бекітілген ауруханаға хабарласуымыз керектігін айтты. Біз түсінбей қазір бірнеше сағаттың ішінде тағы біреуіміз қайтыс болуымыз мүмкін ғой деп ойладық", – делінген Instagram желісіндегі жазбада.

Қайтыс болған Айжан жұмыс істеген компанияның басшылығы ұжымдағы 58 адамға мекенжайы бойынша ауруханаға барып, тексерілуге кеңес берген.

"Бізден нақты қандай анализ алатындарын білмейміз. Дәрігерлерді бізге келуге әрең көндірдік. Әр қызметкерге өзіміздің науқаспен қарым-қатынас жасағанымызды бес рет түсіндірдік. Айжан қайтыс болған соң үш күн өткенде олар бізді тексеретін болды. Қазір бір әріптес қызымыздың қызуы көтеріліп, әлсіреп жатыр", – деді Айжанның әріптесі Назерке.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірованың айтуынша, ауруханадағы дәрігерлер келіп жүгінген әр адамға көмек көрсетіп жатыр.

Ал Қаскелең инфекциялық аурухана басшылығы мән-жайды мүлдем басқаша түсіндірді.

"Біз тәулік бойы жұмыс істейміз, күндізгі стационар деген бізде жоқ. Барлық тексеріс амбулаторлық түрде тұрғылықты мекенжай бойынша жүргізіледі", – деді бас дәрігердің орынбасары Мария Қошымова.

Еске салсақ, 2 маусым күні Алматы облысы Қаскелең инфекциялық ауруханасында менингит жұқпасынан 19 жастағы Айжан Наурызбаева қайтыс болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
6
7
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір