RU
Жігітше ерегісіп қалдық: Жанқош Тұраров өзіне оқ атқандар туралы айтып берді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Жігітше ерегісіп қалдық: Жанқош Тұраров өзіне оқ атқандар туралы айтып берді (видео)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне оқырман хат жолдап, қазақ боксшысы Жанқош Тұраровтың өміріне алаңдаушылық білдірді. Ол жолдаған видеожазбада спортшыға белгісіз біреулер шабуылдап, тіпті оқ атқан.

Жанқош Тұраров. Фото. prosports.kz

Жанқош Тұраров. Фото. prosports.kz

Видеожазбада белгісіз ер адамның Жанқош Тұраровпен ерегісіп түрып, оқ атып жібергенін байқауға болады. Абырой болғанда оқ боксшыны жанап өтіп, әрмен қарай бірнеше адамның төбелесі басталған.

Спортшы мен басқа да ер адамдар төбелесі бейнебақылау камерасына түсіп қалып, желіде тарап кеткен. Оны көрген ел тұрғындары "қазақтың сүйікті спортшысы аман ба" деп, алаңдаушылық танытуда.

Ал Тұраровтың өзі болса бұл жәйтті "жай ғана жігіттердің ерегісі" деп отыр.

"Алматыда осыдан бір апта бұрын болған оқиға. Ол адамдарды өзім танымаймын. Жай ғана ер азаматтардың арасында болып тұратын жағдай ғой. Жігітше ерегісіп қалдық. Бір уақытта ол өзі оқ атып жіберді. Сөйтіп барлығы жабылып кетпекші болды. Мен үшін алаңдаған халқыма рахмет. Маған ешнәрсе болған жоқ. Жағдайым жақсы", - деді Жанқош Тұраров.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
14
15
5
3
0
6
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір