RU
Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасы министрдің тексеруінен соң жабылуы мүмкін
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасы министрдің тексеруінен соң жабылуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыға келіп, минигококк инфекциясының таралу деңгейі бойынша сұхбат берді деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Еске салсақ, осыған дейін елімізде менингит ауруына шалдығып өлім құшқандар туралы жіне жұқпалы індеттен қорғанудың жолдарын жазған болатынбыз.

"Барлық жұқпалы аурумен күрес шаралары белгіленген ережеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Менингитке шалдықты деп күдіктенетін адам болса, оның соңғы уақытта араласқан адамдарын да тексеріп, емдеп жатыр.

Кеше бір науқасты ауруханаға жатқыздық, ол менингитті тасымалдаушы болса да, ешқандай қабыну белгілері жоқ. Қазір балалар ауруханасында емделуде. Ал екпе жасатуға байланысты кеше барлығын айтқан болатынбыз. Халыққа жаппай екпе салдыруға негіз жоқ", - дейді Біртанов.

Министр менингитке шалдыққан науқастарға көмек көрсету кезінде қателіктер орын алғанын да жасырмады.

Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасын Біртанов тексеруінен кейін жауып тастауы мүмкін

Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасын Біртанов тексеруінен кейін жауып тастауы мүмкін

"Біз аудандық және қалалық ауруханаларды көрдік. Кей жерлерде қабылданған стандарттарға сай жұмыс істемейді. Ауыр жағдайда тұрған науқасты ары-бері алып жүруге болмайды. Оны ең жақын маңдағы ауруханаға жеткізу керек.

Осында қайтыс болған 19 жастағы әйелге қатысты, оны Талғардан Қаскелеңге алып барғанда оған жедел көмек көрсетуде шектеу болған. Науқастың азаматтығына, тұратын жеріне қарамастан көмек көрсетілуі тиіс.

Ауруханаларға қосымша төсек қойып, науқастарды Қаскелеңге көшірдік. Барлық мәселені ретке келтірдік. Талғарда жұқпалы аурулар бөлімшесін ашылды.

Оған қоса, жұма күнге дейін науқастарды тұрғылықты жеріне қарамастан ауруханаға жатқызу бойынша тапсырма беріледі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Менингиттің таралуына байланысты айтарым, барлық өлім оқиғаларын қоғамдық денсаулық сақтау комитеті тексеретін болады. Онда дәрігер қателік жіберді ме, әлде кешіктіріп алып келді ме, барлығы анықталады", - деді мимнстр.

Сондай-ақ Біртанов Қаскелеңдегі аурухананың жағдайы өте нашар екенін жеткізіп, оны жауып тастау туралы да айтып өтті. Мұндай жағдайда жабылған аурухананың барлық қызметі Қаскелең қалалық ауруханасына жүктеледі. Науқастар Қаскелең, Алматы немесе Талдықорғанға жеткізілетін болады.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне жолдаңыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel