RU
Астананың ең қымбат ауданында кімдер тұрады?
Жаңалықтар Қоғам

Астананың ең қымбат ауданында кімдер тұрады?

Рассказать Вконтакте

Астанадағы ең қымбат пәтерлер кореялық "Highvill" компаниясына тиесілі екенін бұған дейін талай мәрте жазған болатынбыз. Қыруар қаржы табатын қаланың "бай-манаптары" неліктен аталған ауданнан баспана алуға құмар? Аудандағы үйлердің басқа баспаналардан қандай айырмашылығы бар? NUR.KZ тілшісі елорданың ең ауқатты ауданының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Аты затына сай "Highvill" деп аталатын бұл тұрғын-үй кешенінінің әр үйі аспанмен таласып тұр. Сырты қоңырқай-сұрғылт түсті еске салғанымен, үйдің жаяу жүргіншілер жүретін асфальты қызыл-сары реңге боялған екен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тұрғын-үй кешенінің іші-сырты және төменгі қабаттары түрлі дүкен, супермаркет пен мейрамханаларға толып тұр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Олардың арасында тіпті голландиялық футбол орталығына дейін бар көрінеді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Өкініштісі аудандағы барлық нысандарға тек орыс және ағылшын тіліндегі атаулар берілген. Қазақ тіліндегі атауы бар бірде-бір дүкен немесе мейрамхананы кездестірмедік.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қала тұрғындарының айтуынша баспананың төменгі қабаттары арнайы автотұрақтармен жабдықталған екен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ауланың іші-сырты да мынадай қымбат автокөліктерге толып тұр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бай-бағландардың талғамы ерекше болғаны соншалық, ауланың қақ ортасында субұрқақ пен мынадай "түр-келбеті" экзотикалық ағашқа ұқсайтын тал тұр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Айтпақшы бұл үйлердің қаладағы "ақылды" баспана екенін ұмытпаған жөн. Аула ішінде осы іспеттес күн энергиясынан қуат алатын қуат көздері мен айналмалы "желдеткіштер" бар.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Десе де үйдің кей тұстарына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі көрініп-ақ тұр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Айтпақшы тұрғын-үй кешенінің қақ ортасын темір тақтайшалармен қоршап қойған. Қақпаның ар жағында не бар екеніне көз жеткізгенімізде, мынадай қоқысқа толы бос алаңның куәсі болдық.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Highvill" тұрғын-үй кешенінің қаланың өзге аудандарынан айырмашылығы – сырт келбеті жағынан еуропалық үйлердің аулалары мен кәрістердің телехикаяларында көрсететін зәулім баспаналарды еске салады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Баспана арнайы күзет қызметімен қорғалады. Қойған сауалдарымызға жауап беруден бас тартқан олар тұрғын-үй кешенінің ішімен де таныс бола алмайтынымызды айтты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Астанадағы ең қымбат аудан қаланың оң жағалауындағы элиталық ауданда орналасқан. Оның маңында "Әзірет Сұлтан" мешіті, "Пирамида", бас алаң сынды қаланың маңызды нысандары бой көтерген.

Сондай-ақ, "Highvill" тұрғын-үй кешенінде қоныс тепкен өнер жұлдыздары да баршылық. Олардың арасында белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов, танымал продюсер Қыдырәлі Болманов пен әнші Қарақат Әбілдина, айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева да бар. Ауданнан шетелдік азаматтар мен "Назарбаев" университетінің оқытушы-ұстаздарын да жиі кездестіруге болады.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
20
3
5
9
1
29
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір