RU
Сен жетіспей тұрсың: Ғазизхан Шекербеков су жаңа бейнебаянының тұсауын кесті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сен жетіспей тұрсың: Ғазизхан Шекербеков су жаңа бейнебаянының тұсауын кесті (видео)

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана гастрольдік сапардан оралған Ғазизхан жаңа туындысымен бөлісті. Хит әндердің авторы "Сен жетіспей тұрасың" әніне батыстық үлгіде бейнеклип түсіріп халыққа тарту етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Ғазизхан Шекербеков. Фото: NUR.KZ

Ғазизхан Шекербеков. Фото: NUR.KZ

Әрдайым ерекше тақырыптарды қозғайтын және шығармашылығы ешкімге ұқсамайтын әнші әннің тақырыбын түсіндіріп берді.

"Негізі бұл өмірде бәрінің басында сан түрлі мәселе бар. Оны жасырып қайтеміз. Ол менде де бар. Материалдық болсын, рухани болсын. Себебі, біз сол мәселелерді шешу үшін келгенбіз. Ал соны шешу үшін бізге муза жетіспей тұрады. Ешкімге де оңай емес. Еңбектің арқасында әркім өздігінше өмір сүруде. Қысқасы, жетісіп жүрген ешкім жоқ. Сол себепті де мен осы тақырыпты тілге тиек еттім. Кім не десе де бір ғана жауап сол", - дейді Ғазизхан.

Ғазизхан Шекербеков. Фото: NUR.KZ

Ғазизхан Шекербеков. Фото: NUR.KZ

Сондай-ақ әнші өзін тыңдармандарына жаңа қырынан танытпақ.

Ол актер ретінде кино әлемінде де өз бағын сынап, Бүркіттің кезекті толықметражды фильмінде милиция қызметкері рөлінде ойнамақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel