Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібасты жылан тауып алған әйел қорқынышын жасыра алмады (фото)

Опубликовано:

Биология саласына қызығатын Америка тұрғыны Тани Януш досының үйінен екібасты жылан тауып алып, оны өз үйіне алып кеткен хабарлайды segodnya.ua сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Тани Януш тауып алған 10 айлық сұр жыланның ұзындығы - 30 см.

Ол жорғалаушының бір басына Филе, екіншісіне - Гумбо деген атау берді. Танидің айтуынша, олар әртүрлі жаққа жорғалаймыз деп жиі келіспей қалады екен.

Оның ойынша, жабайы ортада жылан өмір сүре алмас еді. Өйткені ол тым баяу қозғалады.

Филе мен Гумбодан басқа әйелдің үйінде жеті жылан, екі жәндік, қырықаяқ, тарантул өрмекшісі, сақалды агама, шегіртке, кірпі, бірнеше құс, ит пен мысық та бар.

Олардың барлығына қарап-күтуге 11 жасар Кэти, 14 жастағы Джош пен 17 жастағы Ник көмектеседі.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1735731-ekibasty-zylan-tauyp-algan-jel-korkynysyn-zasyra-almady-foto/

pixel