RU
Байлығы тасыған Шымкенттің бұрынғы әкімі миллионыншы тұрғынға пәтер сыйлады
Жаңалықтар Қоғам

Байлығы тасыған Шымкенттің бұрынғы әкімі миллионыншы тұрғынға пәтер сыйлады

Рассказать Вконтакте

Ең бай шенеунік атанған Шымкенттің бұрынғы басшысы шырайлы шаһардың миллионыншы тұрғынына екі бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Миллионыншы тұрғынды дүниеге әкелген Айсұлу мен жұбайы

Миллионыншы тұрғынды дүниеге әкелген Айсұлу мен жұбайы

Шымкенттің миллионыншы тұрғынының есімі белгілі болды. Айсұлу есімді сәби 17 мамыр күні дүние есігін ашқан. Отбасында тұңғыш перзент атанып отырған сәбиді ата-анасы қасиетті перзентке балады. Өйткені Айсұлу Саматқызы қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде өмірге келген.

Тұла бойы тұңғыштарының шаһардың миллионныншы тұрғыны болды дегенін естігенде ерлі-зайыптылар алғашында сенбепті. Екінші рет құжаттарын жіберуді өтініп хабарласқанда барып бұл қуанышты жаңалықты туыстарымен бөліскен. Ал пәтер берілетіні айтылған кезде жас ата-ана төбелері көкке жеткенін жасырмады. Себебі 21 жастағы ерлі-зайыптылар бұған дейін ата-анасымен және өзге де отбасы мүшелерімен аядай ғана пәтерде тұрған.

Миллионыншы тұрғынды дүниеге әкелген Айсұлу мен жұбайы

Миллионыншы тұрғынды дүниеге әкелген Айсұлу мен жұбайы

Шынымызды айтсақ, мұнай жаңалықты күтпеп едік. Сезімімізді сөзбен айып жеткізу мүмкін емес. Қатты қобалжып тұрмыз. Енді біздің де өз баспанамыз бар. Қатты қуанып отырмыз. Жұбайым он баланы дүниеге әкелгенімше тоқтамаймын деп отыр (күліп). Алла нәсіп етсе, ол тілегіміз де орындалар", - деді отағасы Самат Еламанов.

Миллионыншы тұрғынның ата-анасына салтанатты түрде пәтер кілтін ОҚО әкімі табыстап, кішкентай сәбидің өмір жолына сәттілік тіледі. Айта кетерлігі, сыйға тартылған пәтер танымал кәсіпкер Қайрат Молдасейітовтің жас отбасыға жасаған тартуы болып отыр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Өздеріңіз білесіздер, кезінде Шымкенттің әкімі де болғанмын. Осы қаланың жанашырымын деуге болады. Қаланың тағдыры мені толғандырады. Миллионыншы тұрғын дүниеге келді дегенін естіп өз атымнан сәбиді дүниеге әкелген жандарға пәтер сыйлаймындеп шешім қабылдадым. Қаламыз дами берсін", - деді Қайрат Молдасейітов.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Естеріңізге сала кетсек, кәсіпкер Молдасейітов Шымкент қаласын басқарып тұрған шағында облыстағы ең ауқатты шенеунік атанған болатын.

Сондай-ақ, жуырда бизнесменнің Шымкенттен қалталы азаматтар тұратын қалашық салып жатқаны туралы да жазған болатынбыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
2
23
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір