RU
Таразда екі жасар қызды сабаған тәрбиеші жұмыстан қуылды
Жаңалықтар Қоғам

Таразда екі жасар қызды сабаған тәрбиеші жұмыстан қуылды

Рассказать Вконтакте

Тараз қаласындағы балабақшалардың бірінде екі жасқа енді толатын сәбиді тәрбиешісі сабап алған. Оның бұл әрекетін сырттай көріп тұрған басқа бір ата-ана камераға түсіріп алыпты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: sunnytoys2.3fi.ir

Көрнекі фото: sunnytoys2.3fi.ir

Бейнежазбада тамақтанып отырған балалардың бірін тәрбиеші бірнеше рет шапалақпен салып жіберіп әрі оны ары-бері жұлқылағаны анық байқалады. Апайынан таяқ жеген Аяжанның анасы бірден жеке меншік балабақша басышылығына шағымданып, тәрбиешіге жаза қолдануды сұраған.

Мектепке дейінгі мекеме меңгерушісі сәбидің денесіне қатты зақым келмегенін айтуда. Ол Аяжанның анасынан кешірім сұрап, тәрбиешіні бірден қызметінен босатыпты. Алайда қыздың шешесі бұған қанағаттанбай отыр. Перзентіне қол көтерген балабақша қызметкерін заң алдында жауапқа тартқызатынын мәлімдеді.

"Қызымды 3-4 рет басына қатты ұрды. Одан кейін қызымның беті көгеріп тұр. Шымшыған ба, тістеген бе, білмеймін. Қызым күнделікті жылайды, мазасызданады. Азанда жылайды. Бұрын тыныш жүретін бала", - дейді Аяжанның анасы Адина Мырқалықова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
4
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel