RU
Басы дауға қалған Семейдегі автобекет қытайша жазбаны ақыры алып тастады
Жаңалықтар Қоғам

Басы дауға қалған Семейдегі автобекет қытайша жазбаны ақыры алып тастады

Рассказать Вконтакте

Тұрғындардың арасында наразылық тудырған Семейдегі халықаралық автобекет сыртындағы қытайша жазба алынып тасталды. Бұл туралы автовокзал басшысының өзі мәлімдеді. Айтуынша, бекет сыртында шетел тіліндегі жазба ендігәрі ілінбейтін көрінеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Семейдегі халықаралық автовокзал сыртындағы қытай тіліндегі жазба туралы бұған дейін жариялаған едік. Аталған жайт желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсіп, көпшілік өзге тілде ілініп тұрған жазбаны жедел түрде алып тастау туралы пікір білдірген еді.

Осы орайда, мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін, NUR.KZ тілшісі мекеме басшылығына хабарласып, мән-жайды білген еді. Белгілі болғандай "жазба осымен бірнеше жыл қатарынан ілініп тұрған және халықаралық автобекеттің қытай тіліндегі аудармасы" екені анықталған еді. Олар тіпті "бекеттегі басты бағыт Семей-Үрімжі болғандықтан, Қытайдағы қандастарымыз үшін әдейі ілдік" деп ақталған-ды.

Абырой болғанда мәселеге қала билігі араласып, жазба бүгінде тұтасымен алынып тасталған.

"Жылда осыған қатысты шу шығады, сол себепті алып тастауға тура келді. Енді бәріне айтарым – қытай тіліндегі жазба мүлде ілінбейтін болады", - дейді мекеме басшылығы.

Сонымен бірге олар алдағы уақытта "бекетте ағылшын тіліндегі жазба да орнатылмайтынын" да жеткізді.

"Бар ойымыз қандастарымызға аз да болса көмек көрсету еді. Бірақ көптің тілегімен есептеспей қоя алмаймыз, оны алып тындық және енді ағылшын тіліндегі аудармасын да ілмейміз", - деп кесіп айтты бекет басшысы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
2
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel