RU
Әйелінің сөзіне ерген ер адам шие үшін көршісін өлтіріп қойды
Жаңалықтар Әлемде

Әйелінің сөзіне ерген ер адам шие үшін көршісін өлтіріп қойды

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Березовский ауданында көршісін өлтіріп алған ер адам сот алдына келді. Ол әйелінің өтінішімен көршісін орнына қоймақ болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы asn.in.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шие. Көрнекі фото: Гастроном

Шие. Көрнекі фото: Гастроном

Келіншек көршісі ауласындағы шиелерді ұрлап жүргеніне сенімді болған. Ол бұл жағдайды күйеуіне баяндап, оны көршісіне қарсы айдап салады.

Әйелінің шағымынан кейін "көршісінің сазайын тарттыруға" аттанған ер адам құрбанын бірнеше рет басынан ұрып, кетіп қалады.

Өкінішке қарай, көршісі ауыр жарақаттардан тіл тартпай кеткен. Енді ашушаң азамат көршісін өлтіргені үшін 7-10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel