RU
Болашақтан келген жігіт 6491 жылы әлемді не күтіп тұрғанын айтып берді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Болашақтан келген жігіт 6491 жылы әлемді не күтіп тұрғанын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Болашақтан келгенін мәлімдеген жас жігіт 6491 жылы әлемді не күтіп тұрғанын айтып берді. Шындықты анықтағыш детектор оның бірде бір сөзінде өтірік жоқтығын көрсеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оливер. Видеодан скриншот

Оливер. Видеодан скриншот

Джеймс Оливер өзінің 6491 жылдан бүгінгі күнге уақыт көлігі арқылы келгенін айтуда. Алайда құрылғы істен шығып, ол болашаққа қайтып орала алмай қалған көрінеді.

Жігіт келешекте жатпланеталықтармен кездесу және түрлі апаттар болатынын әңгімелеп берді. Джеймс 6491 жылы адамзат Күннен алыс орналасқан өзге планетаны мекен ететінін алға тартуда. Айтуынша, аталмыш планетада өмір сүру ұзақтығы бірнеше ғасырды құрайды.

Болашақта күн сайын жаңа тіршілігі бар планеталар ашылып, ондағы тіршілік иелерін арнайы ғаламдық федерация бақылап отырады дейді жігіт. Ал Жер шары жаһандық жылыну салдарынан мыңдаған жылдан кейін ыстық болып кетеді екен.

Бір қызығы, жігіттің сөздерін Apex TV арнасының мамандары арнайы шындықты тексеретін детектор арқылы тексеріп отырған. Құрылғы Оливердің бірде бір сөзінде өтірік жоқтығын көрсетіпті.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
9
12
1
1
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір