RU
Алматылық жігіт әйелін күң сияқты ұстайтын еркектерге күйінді
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық жігіт әйелін күң сияқты ұстайтын еркектерге күйінді

Рассказать Вконтакте

Желіде "Супер әке Серік" атауымен танымал болған жас блогер әйелің үйден шығармайтын еркектерді айыптады, деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматылық жас блогер желіде әйелің үй қамақта ұстайтын кейбір еркектер туралы өз ойымен бөлісті. Серіктің айтуынша, жұбайын күң секілді үйден шығармай ұстап, өздері күн сайын қыдыратын еркектерді мүлде түсінбейді.

"Еркектер неге сонша өзімшіл? Себеп ретінде қызғанышты алға тартады. Жарыңыз үйден шыға сала көрінген еркектің мойнына асылмайды, олай болса сізде қыдыруды қойыңыз. Отбасында барлығы екі жақты келісіммен болу керек", - деп жазды.

Серік тірі жанды үйден шығармау, оны дүкеннен сатып алған зат секілді иемдену, адамды қорлауды бір түрі екенін ескертті. Кез келген тірі пендеден ең бастысы еркіндікті алуға болмайтынын, "жұбайлардың да бір-бірінен демалуы керектігін" айтады.

Ол сондай-ақ, кез-келген қыз баласы өмірінің ең жақсы жылдарын жарының шұлығын жуумен өткізетін әйелдерге аяныш білдірді. Блогер ешқандай еркек болашақта өз туған қызының да бұлай өмір сүргенін қаламайтынын да жеткізді.

Сөз соңында Серік жігіттерге әйелдеріне еркіндік берсе, отбасы тыныш әрі бақытты болатынын айтты.

Бүгінде екі баланың әкесі атанып отырған ол, жанұясындағы қарым-қатынас пен отбасылық бақыттың сырымен бөлісті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
1
2
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір