RU
Ғалымдар тылсым күштің құпиясын ашты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ғалымдар тылсым күштің құпиясын ашты

Рассказать Вконтакте

АҚШ және Канада ғалымдары кей адамдардың не себепті тылсым күшті сезінетінін анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы politexpert.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тылсым күш. Көрнекі фото: Векторная-психология

Тылсым күш. Көрнекі фото: Векторная-психология

Зерттеушілердің сөзіне сенсек, тылсым күштерді көретін адамдардың миының төменгі төбе бөлігі белсенділігін жоғалтқан. Бұл бөлік ерік-жігерді бақылауға жауап береді екен.

Салдарынан оларға түрлі нәрселер елестеп кетеді дейді мамандар. Нейробиологтар 27 еріктіге тәжірибе жүргізіп, олардың тылсым күшті сезініп, көре алуы шын мәнінде тек иллюзия екенін анықтады.

Бұл тұжырымға магниттік-резонанстық томография нәтижелері негіз болған.

"Тылсым күшті сезінетін барлық адамдардың миындағы бір бөлігі белсендігін жоғалтады", - дейді ғалымдар.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
4
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel