RU
Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде немен айналысып жүр?
Жаңалықтар Қоғам

Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде немен айналысып жүр?

Рассказать Вконтакте

Қытайда есірткі тасымалу үшін істі болған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың темір торға тоғытылғанына осымен төрт жылдың жүзі болды. Бөтен елде түрмеге қамалған бойжеткен енді қытайларға ағылшын тілін үйретіп жүр деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің өкілдері 22 мамырдаАқжарқынмен кездесіп қайтқан болатын. Олардың айтуынша, бойжеткеннің денсаулығы жақсы, түрменің тамағы мен онда тұрудың шарттарына ешқандай шағымы болмаған.

"Оның жағдайы жақсы. Түрмеде отырған уақыт аралығында ол қытай тілін жақсы меңгеріп алыпты. Енді ол қытайларға ағылшын тілін үйретіп жүр. Дене шынықтырумен жиі айналысып тұрады. Елшілік қызметкерлері онымен үнемі байланыста, қажетті көмекті беріп жатыр. Қалаған кезде кітаптар апарып, жеке қолдануға қажетті заттарды сатып алу үшін ақша аударады (мекеменің есепшотына)", — делінген Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Фото: Instagram

Фото: Instagram

Айта кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында есірткі контрабандасымен Гуанчжоу қаласының әуежайында ұсталып, 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырған.

Сот барысында ол өзін шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындамаған болатын.

Артынан апелляциялық инстанция соты Ақжарқынға кесілген өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімді жою туралы шешім қабылдады.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

2016 жылдың қарашасында Тұрлыбайдың ісі бойынша апелляциялық тыңдау өткен. Алайда, бойжеткеннің алқа шешімін күтіп жүргеніне бір жарым жылдай уақыт болып қалды. Нәтиже жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
2
8
4
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel