RU
Орталық Азияда жаңа Иса Пайғамбар пайда болды
Жаңалықтар Әлемде

Орталық Азияда жаңа Иса Пайғамбар пайда болды

Рассказать Вконтакте

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон екінші Иса Пайғамбар екен. Елбасына мұндай дәрежені Тәжікстандағы жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ато Мирходжа теңеп айтқан деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Эмомали Рахмон. Фото: РИА Новости

Эмомали Рахмон. Фото: РИА Новости

Мирходжа өзінің "Нұрстан тарихы" деп аталатын шығармасында қараңғы қапаста тұрған Тәжікстанға президент сәуле шашты деп сипаттаған. Сондай-ақ оны Иса Пайғамбармен теңестіріпті.

Жазушы Тәжікстан президентін Иса Пайғамбарға теңеп қана қоймай, бірнеше ұқсастықтарын мысалмен келтірген. Оның айтуынша, Иса Пайғамбар мен Рахмонның да анасының есімі Мәриям.

Айта кету керек, "Нұрстан тарихы" атты шығарма жазушының президентке арнаған алғашқы еңбегі емес. Қаңтар айында ол "Көшбасшы сөзі - ел тағдыры" атты поэма жазған. Онда елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауы туралы айта келе, "Рахмон сөз сөйлегенде оның сарайы Кағбадан да асып түседі" деп сипаттаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
32
9
17
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel