Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірнеше рет отбасын құрған отандық жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Еліміздегі танымал жұлдыздардың ішінде бірнеше рет ажырасып, қайтадан отау құрғандар баршылық. Жанұя шырқынын бұзылуына не себеп болды? NUR.KZ порталы оқырмандары үшін арнайы шолу жасады.

Отандық жұлдыздар арасынан бірнеше рет отбасын құрғандар кімдер?
Отандық жұлдыздар арасынан бірнеше рет отбасын құрғандар кімдер?: UGC

Фото әлеуметтік желілерден алынды
Фото әлеуметтік желілерден алынды: UGC

Мадина Сәдуақасова – бүгінде жары Олжаспен бір ұл өсіріп отырған әнші, бұрын тұрмыста болған. Бірінші жұбайымен 2008 жылы ажырасқан ол, Олжасқа ол туралы мүлде айтпауға уәде берген. Қазір отбасында Мадинаның бірінші күйеуі туралы мүлде сөз қозғалмайды.

Фото әлеуметтік желілерден алынды
Фото әлеуметтік желілерден алынды: UGC

Ақбота Керімбекова – үш рет тұрмыс құрған әнші үшінші күйеуімен де ажырасқанын жақында ғана жариялаған болатын. Әншінің айтуынша бірінші жарымен айырылысуға оның қызғаншақтығы себеп болған. Өнер жолын қууды қалаған әнші үйде отыра алмайтынын түсінген кезде ажырасуға ұсыныс білдірген.

Фото әлеуметтік желілерден алынды
Фото әлеуметтік желілерден алынды: UGC

Ақботаның екінші жұбайымен айырылысуының себебі енесі болған екен. Анасының айтқанынан шықпайтын еркекпен бірге тұра алмаған. Жақында әнші үшінші рет ажырасты деген алып-қашпа әңгіме желіде тарап кеткен болатын. Ақбота бұл жолы жанұясының шырқының бұзылуына түсініспеушілік себеп болды деген болатын.

Баян Алагөзова – танымал продюссердің екінші рет тұрмысқа шығуы тала уақыт көпшіліктің аузынан түспеген болатын. Тұрсын Алагөзовтың сұлу жарының бұрынғы күйеуі қазір абақтыда отыр. Баянның айтуынша оның Бақытжан Есентаевқа мүлде сезімі болмаған, отбасы ретінде тұра алмауының да себебі осы деп көрсетіп отыр. Бүгінде атышулы продюссер үлкен қызын ұзатуға дайындалып жатыр.

Фото әлеуметтік желілерден алынды
Фото әлеуметтік желілерден алынды: UGC

Фото әлеуметтік желілерден алынды
Фото әлеуметтік желілерден алынды: UGC

Дәурен Айдарқұлов – атышулы актер екінші әйелі Ақботамен жақында ғана заңды некеге тұрды. Елді шулатқан неке Дәуреннің үш баласымен бірінші әйелін тастап, «КешYou» тобының бұрынғы әншісі Ақбота Сейітмағамбетке қосылуынан басталған болатын. Қазір олардың шекесі торсықтай бір ұлдары бар.

Фото әлеуметтік желілерден алынды
Фото әлеуметтік желілерден алынды: UGC

Фото әлеуметтік желілерден алынды
Фото әлеуметтік желілерден алынды: UGC

Асхат Садырбай – танымал жүргізуші екі рет отбасын құрды, бірақ өкінішке орай екуі де сәтсіз аяқталды. Бірінші әйелі Ерке Есмаханнан бір ұлы бар. Екінші жары Айғанымнан да Зейін есімді ұл сүйіп отыр.

Фото әлеуметтік желілерден алынды
Фото әлеуметтік желілерден алынды: UGC

Фото әлеуметтік желілерден алынды
Фото әлеуметтік желілерден алынды: UGC

Айқын – әншінің өзі екінші рет үйленгенін жасырын ұстаса да, оқырмандарынан ешнәрсе жасыра алмай келеді. Әнші Жұлдыз Өмірғалимен араларында бір ұл бар. Айқын бұл туралы ашып айтпаса да желі қолданушылары бірнеше рет оларды бірге байқап қалған. Сондықтан танымал әншінің жеке өмірі туралы кесіп айту мүмкін емес болып отыр.

Фото әлеуметтік желілерден алынды
Фото әлеуметтік желілерден алынды: UGC

Жанар Айжанова – әншінің бірінші жұбайы қайтыс болған. Бірінші күйеуінен туған Айжұлдыздан кейін актриса тұрмысқа қайта шықса да құрсақ көтермеді. Бүгінде Жанар екінші жұбайымен бірге тұрып жатыр.

Фото әлеуметтік желілерден алынды
Фото әлеуметтік желілерден алынды: UGC

Фото әлеуметтік желілерден алынды
Фото әлеуметтік желілерден алынды: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1735788-birnese-ret-otbasyn-krgan-otandyk-zldyzdar-kimder/

pixel