RU
Еліміздің Қаржы вице-министрі тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Еліміздің Қаржы вице-министрі тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Руслан Еңсебаев Қаржы вице-министрі болып тағайындалды деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

қаржы вице-министрі

қаржы вице-министрі

Руслан Еңсебаев 1981 жылы Ақмола облысының Степняк ауылында дүниеге келген.

2005 жылы Басқару институтын, 2013 жылы — Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2016 жылы — Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы "Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы" РМК жетекші маманы ретінде бастаған.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ да басшылық қызметтер атқарған.

2017 жылдың маусым айынан бастап "Зерде" ҰИХ" АҚ басқарма төрағасы лауазымында қызмет еткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel