Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ағылшын тілінде ән айтқан Қайрат Нұртасты жұрт жақтырмай қалды (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртаспен бірге ағылшын тілінде түсірген бейнебаяны тыңдармандарына жол тартты. Алайда әншіні көпшілік ағылшын тіліндегі акцент үшін сынға алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртас көктемде өткізген жеке шығармашылық концертінде тыңдармандарын отбасын таныстырған болатын. Концерт барысында әнші туған інісі Заңғар Нұртаспен ағылшын тілінде ән айтып, халықты таңғалдырған еді.

Бүгін өнер жолына енді ғана келген Заңғар мен Қайраттың жаңа әнге түсірген бейнебаянының тұсауы кесілді. Клипті көрген жұрт әншінің ағылшын тіліндегі акцентіне баса назар аударып, түрлі пікірлерін жаудырды.

"КН сыйлаймын, бірақ ағылшын тілімен аздап жұмыс істеу керек еді", "Түсінбеймін егер тіл білмесе ағылшынша өлең айтудың не қажеті бар?", "Қайрат аға орысша да, ағылшынша да білмейді. Одан да қазақша айтып жүре берсиш" деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1735794-agylsyn-tilinde-n-ajtkan-kajrat-nrtasty-zrt-zaktyrmaj-kaldy-video/

pixel