RU
Ақыл-есін жоғалтып алған әйел өз күйеуіне қайтадан тұрмысқа шықты
Жаңалықтар Әлемде

Ақыл-есін жоғалтып алған әйел өз күйеуіне қайтадан тұрмысқа шықты

Рассказать Вконтакте

Америкадағы Нью-Йорк тұрғыны Анжела Сартин-Хартунг аса ауыр жол-көлік апатына түсіп, ақыл-есін жоғалтып алған. жастағы әйел өз жақындарының бәрін ұмытып қалды. Бірақ ешкімді танымай қалса да Анжела өзінің сүйіктісіне қайтадан ғашық болып қалдған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

2013 жылы Анжеланы полицей көлігі қағып кетіп, 55 жастағы әйелге аса ауыр жарақат әкелген. Анжела ақыл-есін жоғалтып алып, өзінің ең жақын адамдарының бәрін ұмытып қалды.

Жол-көлік апатына дейін 12 жыл бойы бір шаңырақ астында тұрған күйеуін де әйел есіне түсіре алмады. Комадан оянған Анжела далада 1998 жыл деп ойлап қалған.

Ол үшін оның бірінші күйеуінің қайтыс болып, қызының кәмелет жасқа толып алғаны нағыз жаңалық болды. Оның үстіне 12 жыл бойы отасқан сүйіктісінің бар екенінен де Анжела бейхабар.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Алайда, ақыл-есін жоғалтса да, 55 жастағы әйел өзінің күйеуі Джеффке қайтадан ғашық болып, оған екінші рет тұрмысқа шыққан.

"Мен бәрін ұмытып қалдым. Енді Джефф екеуміз барлығының орнын ақырындап толықтырып жатырмыз", - деп айтты ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel