RU
Павлодар облысында 28 жастағы жұмысшыны топырақ басып қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодар облысында 28 жастағы жұмысшыны топырақ басып қалды

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысында су сорғыш станция аумағында жұмыс істеп жүрген 28 жастағы азаматты топырақ басып қалды. Мичурин елді мекеніндегі аумақта болған оқиғадан бір адам жазатайым жағдайда қаза тапса, екіншісі жарақат алып ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды "КТК" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: xexe.club

Фото: xexe.club

Куәгерлердің айтуынша, 28 жастағы жұмысшы шұңқырға түскен сәтте оны топырақ басып қалған.

Сол жерде болған cерігі оны құтқаруға ұмтылған.

Алайда топырақ қайта опырылып, соның кесірінен қос азамат тереңдігі үш метр жерде қалып қойған. Оларды сол жердегі қызметкерлер құтқарушылар жеткенше сыртқа алып шығыпты. Ал ақ халаттылар көмек көрсеткенімен, бір жұмысшының өмірін сақтап қала алмаған.

Ер адам ауыр топырақ астында тұншығып қалған. Ал кеуде қуысына зақым келген оның әріптесі қазір ауруханада.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
4
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel