RU
Астанада тағы бір сәбиден менингит дерті анықталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада тағы бір сәбиден менингит дерті анықталды

Рассказать Вконтакте

Астанада ауруханаға түскен тағы бір сәбиден менингококк инфекциясы анықталды. Оның да диагнозы расталғанын балалар инфекциялық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары мәлімдеді деп хабарлайды "Астана" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: vestirama.ru

Фото: vestirama.ru

Маусымның 4-і күні ауруханаға түскен екі жасар сәби қазір жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты деп отыр. Ал бұған дейін жансақтау бөлімінде жатқан үш жасар бала палатаға көшірілген. Ол 21 күн бойы дәрігерлер бақылауында болады. Ол балалар арасында ауру жұқтырған қаладағы алғашқы бүлдіршін болатын.

"Екі баланың да бүгінгі күні жағдай тұрақты. Жағдайының тұрақтануына байланысты, бірінші науқас аурухананың профильді бөлімінде жатыр. Екінші бала әлі де реанимация бөлімшесінде. Барлық керекті зертханалық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз", - деді Астана қаласы балалар инфекциялық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Роза Өтегенова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
1
3
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel