RU
Ауа райы: Бүгін елімізде жел күшейіп, шаңды дауыл болуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін елімізде жел күшейіп, шаңды дауыл болуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауып, найзағай болады, тек солтүстік-шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы РМК Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: РМК Қазгидромет

Фото: РМК Қазгидромет

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте жел шаңды дауылмен болады. Ал солтүстік-батыста бұршақ жаууы ықтимал.

Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысында жел шаңды дауылмен болады, Қостанай облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде, Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel