RU
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді (видео)

Рассказать Вконтакте

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Лондонда өткен бокс кешінде отандасымыз венгр боксшысы Золтан Шабонмен қолғап түйістірген деп хабарлайды vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz

York Hall аренасында өткен жекпе-жек 6 раундқа созылды. Алғашқы сәттерден бастап-ақ басымдықты ұстаған Данияр соңғы сәттерге дейін қарсыласын қыспаққа алумен болған.

Бұған екі жыл ішінде 34 жекпе-жек өткізіп үлгерген Золтан да шыдап баққан. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша отандасымыз жеңіске жетті.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні Нью-Йоркте өткізіп, америкалық боксшы Ноа Кидті 3 раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel