RU
Головкин ресми түрде чемпиондық белбеуінен айырылып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Головкин ресми түрде чемпиондық белбеуінен айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Халықаралық бокс федерациясының комиссиясы Геннадий Головкинді IBF чемпионының белбеуінен айыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Eurosport

Фото: Eurosport

Тыңдау 22 мамыр күні болғанымен, шешім енді ғана қабылданып отыр. Онда комиссия мүшелері Головкин командасының дәлелдері мен белбеудің тағы бір үміткері Сергей Деревянченко жақтастарының сөзін тыңдады. Содан кейін қазақстандық боксшыны белбеуінен айыру туралы шешім шығарған.

Головкинге қатысты мұндай шешім қабылдауға себеп болған - спортшының 3 тамызға дейін әлем чемпионы титулын қорғаудан бас тартуы екен. Боксшы қыркүйек айында мексикалық Сауль Альвареспен кездесуді күтіп жүрген.

Еске салсақ, күз айына жоспарланған Головкин мен "Канелоның" жекпе-жегі қаржылық келіспеушіліктерге байланысты өтпей қалу қаупі бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
4
7
2
2
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel