RU
Көкшетауда жалғыз бүйректі қызға дәрігерлер мүгедектік бермей отыр
Жаңалықтар Қоғам

Көкшетауда жалғыз бүйректі қызға дәрігерлер мүгедектік бермей отыр

Рассказать Вконтакте

Дүниеге жалғыз бүйрекпен келген Гүлназ өскен сайын оның зардабын тартып келеді. 13 жастағы ару айына екі рет ауруханада ем қабылдайтын көрінеді. Алайда жасөспірімнің жағдайына мән бермеген дәрігерлер оны мүгедектікке шығармай отыр екен. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

КТК арнасынан скриншот: Гүлназ Қабден

КТК арнасынан скриншот: Гүлназ Қабден

Гүлназ күнде таңертең бет-аузы көнектей болып ісіп, тіпті дәреті де жүрмей қалады екен. Қызының 1 бүйрегінің жоқ екенін әке-шешесі 3 жасқа толғанда бір-ақ білген. Сол уақытқа дейін талай ауырып, тіпті ультрадыбыстық тексеруден де өтіпті. Алайда ол кезде баланың бір ағзасының жоқ екенін дәрігерлер де білмепті. Осындай қиындықпен өмір сүріп келе жатқан қызға тиісті көмек керек -ақ. Ол дәрі-дәрмегін жеңілдікпен алуы үшін мүгедектік қағаз қажет екен.

"Бізді ешкім дұрыс қабылдамайды. Мүгедектік алу үшін реанимацияда бірнеше рет жату керек дейді. Өскен сайын ауырады. Көзінің асты көгеріп, кіші дәретке де бара алмайды", - дейді Гүлназ Қабденнің анасы Нұргүл Мұхамеджанова.

Ал медицина қызметкерлері бұл қыздың мүгедектік алуға мүлдем келмегенін айтып ақталды. Оған қоса "бірнеше рет жансақтау бөлімінде жатуы тиіс" дегенді де жоққа шығарды.

"Ешкім де олай айтуға тиісті емес. Науқастың қай жерде, қандай жағдайда емделетінін тек емдеуші дәрігері шешеді. Бірақ біздің арнайы комиссияға Гүлназ Қабден келген жоқ. Барлық анализдерімен келуі керек. Сосын комиссия қарайды", - дейді Ақмола облыстық медициналық-әлеуметтік сараптама департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Шериязданов.

Алайда Нұргүлдің өзі қызын комиссияға апардым деп отыр. Айтуынша, ондағылар өткізбей қойыпты. Ақ халаттылар науқасты бір-біріне сілтесе, мүгедектік беретін мекеме емдеуші дәрігерге жіберген. Емдеуші дәрігер учаске дәрігері біледі деп шығыпты.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel