RU
Жазира Байырбекованың тұсау кескені үшін 9 мың доллар алатыны рас па?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жазира Байырбекованың тұсау кескені үшін 9 мың доллар алатыны рас па?

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Жазира Байырбекова өзін тұсау кескені үшін 9 мың доллар алады деп сынаған оқырмандарына жауап берді. Әнші жайлы қауесетке сенген желі қолданушылары ашуға бой алдырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Жазира мен Жанболат. Фото: stan.kz

Жазира мен Жанболат. Фото: stan.kz

Instagram қолданушысы жағдайының нашар екенін айтып, әншіден тұсау кесуге қанша ақы алатынын сұраған.

"Жазираның тұсау кесуге 9000 доллар алатыны рас па? Жақында Атырауда тұсау кескенін естідім. Ал жағдайы нашар отбасыларға жеңілдік болады ма?", - деді оқырман.

Ал бұл пікірді оқыған өзге желі қолданушылары ашуға бой берді.

"9000 доллар деген сұмдық қой", "Масқара. Әбден құныққан екенсіңдер", "Қайта тұсауын сендерге кестіргеніне қуанбайсыңдар ма? Ата-ана балаларының сендерге ұқсағанын қалағандықтан осылай жасайды", "9000 долларды шешеме бермеймін бе, одан да! Сол кісі-ақ кесіп береді" деді наразы болған оқырмандар.

Алайда әнші оқырмандарымен байланысқа шығып, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Мен тұсау кескеніме ақша сұраған емеспін. Көбіне тұсау кестірем дегендерден қашып жүремін. Ұяламын", - деп ағынан жарылды әнші.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
2
0
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel