RU
Павлодарда жұмысынан қуылған колледж оқытушысы шу шығарды
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда жұмысынан қуылған колледж оқытушысы шу шығарды

Рассказать Вконтакте

Павлодардағы бизнес колледжіндегі оқытушы директорға шағым айтамын деп өзі жұмыстан қуылды деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әсемгүл Нұрғазинова. Фото: КТК

Әсемгүл Нұрғазинова. Фото: КТК

Оқытушы Әсемгүл Нұрғазинованың айтуынша, колледж студенттері сабақты себепсіз қалдырады. Тіпті араларында оқу орнына келмейтіндер де бар. Әбден мезі болған ол мәселені көтермек болып бірнеше рет колледж директорына барған.

"Екінші жұмыс тауып, бұған да шыдап келдім. Ешқашан оқуға келмей, тек диплом қорғауға келетін студенттер де бар. Мен өзімнен екі есе бойы ұзын ұл-қыздарды ұрмақ түгілі, ұрысқан емеспін. Тек сабақтан қалмауын талап еттім", - дейді жанайқайын жеткізген ақпараттық технологиялар пәнінің оқытушысы.

Колледж директоры "қатал" ұстаздың ісімен енді құзырлы органдар айналыссын деп отыр. Ұстаздың өзі болса, жұмысынан заңсыз қуылғанын айтып, облыстық білім басқармасына шағымданған.

"Ұстаздың атынан шағым түсті. Онда колледж студенттерінің сабаққа келмейтіні айтылған. Арнайы комиссия білім мекемесіндегі журналдарды түгел тексерді. Онда студенттердің сабақтан қалғаны анықталмаған. Ал шәкірттерден бізге еш шағым түскен жоқ. Олар ұстаздың қатты ұрсатынын колледж директорына баяндап берсе керек",- дейді Павлодар облыстық білім басқармасы бас маманы Жанар Жәкенова.

Өзінің себепсіз жұмыстан шығып кеткенін айтқан Әсемгүл прокуратураға шағым түсірген. Енді ол колледж басшылығымен соттаспақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір