Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыз бекіткен жандарға суды көрсетпей ішетін құс жұртты таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде тарап кеткен қара құтанның тек қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткен адамдарға көрсетпей су ішкен видеосы көпшіліктің таңданысын тудырды. Бұл туралы yokboylesahneler парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Осындай видеоны Әли Осман Араба есімді түрік азаматы да түсіріп жариялаған болатын. Ол қасиетті айда адамдардан басқа тіршілік иелері де құлшылық жасайтынын алға тартады.

Әлеуметтік желі қолданушылары осындай құбылысқа таңдай қақты. Бірі бұл - қасиетті айға деген құстың құрметі десе, енді бірі құстың өмір сүру дағдысы осындай деп топшылады.

Айта кетейік, қара құтан Африка, Мадагаскар аймақтарында мекен етеді. Оның көп түрі табиғатта кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1735882-auyz-bekitken-zandarga-sudy-krsetpej-isetin-ks-zrtty-tagaldyrdy-video/

pixel