Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сары Алмаздың қызы: Менің әкем ақымақ бандит емес

Опубликовано:

Сары Алмаз лақап атымен танымал Несіпбай Насеновтің 28 жастағы қызы Гузяль "Время" басылымына сұхбат беріп, әкесі туралы естеліктерімен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Гузяль Насенова. Фото: time.kz, yvison.kz
Гузяль Насенова. Фото: time.kz, yvison.kz: UGC

Сары Алмаз 20 жыл бұрын қайтыс болса да, оның есімі әлі күнге дейін БАҚ беттерінде аталып келеді. Гузяль тоғыз жасында әкесінен айырылған күнді есінен шығарған емес.

Бойжеткеннің сөзіне сенсек, әкесі қылмыс әлемінде болуға талпынбаған. Ол музыкамен, қайырымдылықпен, спортпен айналысыпты. Өз карате мектебі болған азамат есірткіге қарсы шығып, салауатты өмір салтын ұстанған екен.

Гузяль әкесінің полиглот болғанын, адамдарды қолымен емдегенін, көп кітап оқыған көзі ашық адам болғанын айтуда. Несіпбай Versace брендін ұнатып, сән салонында шашын бұйралатқанды да жақсы көріпті.

"Ол классикалық қарақшылар қатарынан болса, атыс ұйымдастырып, шансон тыңдайтын еді", - дейді Гузяль.

Кейін Несіпбай "Сары-Арқа" кинотеатрының қасында вафли өндіретін цех ашып, Горький атындағы саябақта газдалған сусын сататын автоматтар қояды.

Сол кезде Несіпбайға рэкетирлер қысым жасай бастағасын, бұл жайтқа карате мектебіндегі оқушылары араласады.

Фото time.kz
Фото time.kz: UGC

"Бүгінде мұны бизнес үшін төбелес деп атайды... Адамдар білгенінше тіршілік жасады. Алайда мен әкемді ақтаудан аулақпын. Ол түрмеде отырып, өз қылмыстары үшін жауап берді", - дейді бойжеткен.

Гузяль әкесі түрмеде отырғанда оған хат жазып, торт әзірлеп жібереді. Көп ұзамай Несіпбайға шетел асуға тура келеді.

Гузяль әкесіне жақын болғасын, оған тартып кеткенін жасырмайды. Ал анасы мүлде есінде жоқ екен. Гузяль үш жасқа келгенде 28 жастағы анасын өлтіріп кеткен екен.

Бойжеткен әкесінің көзі тірісінде ханшайым секілді өмір сүрген. Оның отбасында арнайы оққағарлар болып, олар, тіпті қызды мектебіне дейін шығарып салып отырыпты.

16 жасында Гузяль үйінен кетіп, оқу мен жұмысты қатар алады. Бойжеткен әкесінен ешқандай мұра алмағанын айтуда. Алайда көбі оны аста-төк бай деп санайды екен. Бүгінде Гузяль Мәскеу институтында психолог мамандығы бойынша білім алуда.

Жерлеу күні

Несіпбайдың мәйітін Барселонадан 1998 жылдың 31 мамырында туған жеріне алып келеді. Сол күні үйде ересектердің көзі жасқа толып, олар Гузяльға көңіл айтумен болған.

"Халық үйіліп келді. Аулада полиция болды, ал шатырларда мергендер отырды. Құқық қорғаушылар шу болады деп қорықты ма, әлде біреуді ұстағысы келді ме, білмедім", - дейді Гузяль.

Несіпбай Насенов. Фото time.kz
Несіпбай Насенов. Фото time.kz: UGC

Несіпбайды Бағанашылда жерлейді. Қыздарының айтуынша, әкесі өзінің өмірі өлшеулі қалғанын біліп жүрген. Қаза болар алдында ол қоңырау шалып, өзінен өлімнің иісі шығатынын, ол иістен құтыла алмағанын айтыпты.

"Менің әкем бизнес иелерінен қарызды қайтаруды талап ететін ақымақ қарақшы болмады... Ол алғашқылардың бірі болып заңды бизнестің маңызды екенін түсінді, сол себепті елге көліктер, техникалар мен өзге де тауарларды тасыды", - дейді бойжеткен.

Гузяль әкесі туралы кітап жазуды қолға алған. Ол жастардың қылмыс әлемі қаншалықты қауіпті екенін түсінгенін қалайды.

Еске салсақ, бұған дейін Сары Алмаздың қызы Ситораға қарсы мәлімдеме жасаған болатын.

"Время" басылымының рұқсатынсыз материалды көшіріп-басуға болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1735887-sary-almazdy-kyzy-meni-kem-akymak-bandit-emes/

pixel