RU
Ресейде әйгілі Роналдуды десантшы мен ережесіз жекпе-жек шебері қорғайтын болды
Жаңалықтар Әлемде

Ресейде әйгілі Роналдуды десантшы мен ережесіз жекпе-жек шебері қорғайтын болды

Рассказать Вконтакте

Португалиялық жұлдыз Ресейде өтетін әлем чемпионатына сақадай сай. Футболшы өзінің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін тіпті өміріне жауап беретін арнайы мамандар көмегіне жүгінген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың өз қауіпсіздігін ММА шебері Гонсало Сальгадо және бұрынғы десантшы Нуно Марекоске сеніп тапсырды.

Марекос осымен Роналдудың қауіпсіздігіне екінші рет жауап беріп отыр. Бұған дейін қатал десантшы танымал шабуылшының қауіпсіздігін Киевте өткен чемпиондар лигасынының финалында қамтамасыз еткен.

Марекос Португалиядағы жеке күзет фирмасында қызмет атқарады. Күзет жұмысынан бөлек ол, Лиссабонға жақын маңда тореадор болып қосымша табыс табады. Ал ММА шебері Сальгадо болса 2006 мен 2011 жыл аралығында аса ауыр салмақта жеті кездесу өткізіп, бесеуін нокаутпен аяқтаған.

Айта кетейік, футболдан Әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Топтық кезең барысында Португалия құрамасы Испания, Марокко және Иран құрамасымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel