RU
Бақыт Шадаеваны бопсалап, жеті түнде қоқан-лоққы жасаған кімдер?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бақыт Шадаеваны бопсалап, жеті түнде қоқан-лоққы жасаған кімдер?

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын Сейфуллин Жолбарыстан пәтерінің ақысын ала алмай жүргенін айтқан Бақыт Шадаеваның басы тағы бір дауға іліккен. Әншінің парақшасын бұзған белгісіз азаматтар оған жеті түнде хабарласып, қоқан-лоққы жасаған деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бақыт Шадаева. Фото: stan.kz

Бақыт Шадаева. Фото: stan.kz

Шадаеваға түнгі бірде хабарласқандар одан 300 долларды салып жіберуді талап еткен.

"Менің парақшамды белгісіз біреулер жауап тастады. Бір ай көлемінде өздері қайтарып берді. Бірде түнде біреулер хат жіберіп, парақшамның құпия кілтін біліп алды. Түнгі сағат 1-де хабарласып, маған 300 доллар аударып жіберуді талап етті", - дейді әнші.

Сондай-ақ бұл қоқан-лоққыға мән бермеген Шадаева, оларға Instagram парақшасынсыз да өмір сүре алатынын мәлімдеген.

"Олар тіпті мені ел алдында масқаралайтындарын да мәлімдеді. Бірақ, менің көпшілікке масқаралайтындай теріс қылығым жоқ. Сондықтан бір айдан аса уақыт өткенде өздері қайтарып берді", - деді Шадаева.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
2
2
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір