RU
Еліміздің бас санитары: Менингитке шалдығу көрсеткіші азайды
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздің бас санитары: Менингитке шалдығу көрсеткіші азайды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин тілшілерге арналған брифингте менингитке шалдығу көрсеткішінің төмендегенін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Medsest.ru

Фото: Medsest.ru

Министрлік өкілінің айтуынша ауруды көп жұқтырған кезең артта қалған.

"Аурудың дендеу кезеңін өткердік, себебі қазіргі таңда соңғы төрт күнде менингитке шалдыққан жандар тіркелмеген. Естеріңізде болса, тек өткен аптада ғана 15 адам аталған инфекцияны жұқтырған еді, олардың арасында 13-і Алматы қаласында тіркелген-ді", -дейді министрлік өкілі.

Бекшиннің сөзінше, қазіргі таңда республика бойынша менингитті жұқтырған 24 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 12-і Алматыда дәрігерлердің бақылауында екен.

Сондай-ақ ол Алматыда 5 - маусымнан 6-маусымға қараған түні ауруханаларға 300-ге жуық адам жүгінін атап өтті.

" Олардың дені инфекцияның барлық белгілерін білетін жас адамдар", - дейді еліміздің бас санитары.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталыныңы WatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
5
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel