RU
Танымал актриса Баян Алагөзованы қалай алдап кеткенін айтып берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал актриса Баян Алагөзованы қалай алдап кеткенін айтып берді

Рассказать Вконтакте

Жәния Джуринская бір кездері Баян Алагөзованың "Shine" тобына қандай жолмен қабылданғанын айтып, көпшіліктен жасырған құпиясымен бөлісті. "Мен бәріне қарап тұрып өтірік айттым" деген актриса әншілікпен өткен жылдарын еске алды деп хабарлайды "The эфир" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жәния Джуринская. Фото: menshealth.kz

Жәния Джуринская. Фото: menshealth.kz

Джуринская актриса болуды бала күнінен армандаған. Тіпті журналистика факультетіне де осы мамандыққа жақын болу үшін түскен екен.

"Бір күні жатақханада жатқан едім, қасымдағы қыз келіп, Баян Алагөзованың кастинг ұйымдастырып жатқанын айтты. Мен тіпті ол кісінің кім екенін де білмедім. Мен үшін Алла Пугачева мен Филипп Киркоров қана бар болатын. Қатыссам да ештеңе өзгермейді деп ойлағандықтан, байқауға баруға келісе салдым.

Кастингке келгенде топырлап жүрген қыздарды көрдім. Менен не істей аласың деп сұрағанда, жүздеріне қарап тұрып өтірік айттым. "Бәрін жасай аламын" дедім. Содан шаршап кетіп, бір орындыққа отырып алдым. Кастингтен өткен бес қызды екінші қабатқа алып барып, өнерін тексерді. Жанымдағы қыздар шетелдік әндерді барын салып орындап жатыр. Ал мен күліп отырмын. Кезегім келгенде "Небо над землей, цветными красками. Мы идём с тобой в поход за сказками" деген әнді басынан-аяғына дейін орындап бердім", - деп ағынан жарылды әнші.

Алайда бұл байқаудан өтемін деп ойламаған Джуринскаяны Алагөзова ертесіне 4-те өтетін дайындыққа шақырыпты.

Актриса тіпті бір ауыз қазақша білмесе де, киноға түсу үшін "қазақша білемін" деп режиссерлерді де алдап соққан екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
2
2
0
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір