RU
Қазақстандық миллиардердің қызы аста-төк тойының суреттерін жариялады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық миллиардердің қызы аста-төк тойының суреттерін жариялады (фото)

Рассказать Вконтакте

Танымал қазақстандық миллиардер Патох Шодиевтің қызы Нафиса аста-төк тойынан суреттерді желі парақшасында жария етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Той Барвихтің Luxury Village концерттік залында өткен. Бай-бағландар жиналған тойды Максим Галкиннің өзі жүргізгенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Оның бір той жүргізіп бергеніне олигарх кемінде 100 мың доллар төлеген. Мерекеде АҚШ, Ресей және Өзбекстанның танымал жұлдыздары өнер көрсетті.

Royal-wedding мәліметіне сенсек, Барвихте 50 адамға той жасау кемінде 1 млн рубль тұрады.

Бұл жерде әдетте тойын Алексей Шаповалов, Александр Овечкин сынды қалталы азаматтар өткізгенді ұнатады.

Патох Шодиев Өзбекстанда дүниеге келген. Қазақстандық миллиардер - Eurasian National Resources Corporation иелерінің бірі. Оның мүлкі 3,7 млрд долларға бағаланып отыр.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
6
9
2
1
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір