RU
Сары Алмаздың қызы: Әкемнің Ситора секілді әйелдері көп болған
Жаңалықтар Қоғам

Сары Алмаздың қызы: Әкемнің Ситора секілді әйелдері көп болған

Рассказать Вконтакте

90 жылдары қылмыс әлемінің серкесі ретінде танылған Несіпбай Насеновтің қызы Гузяль өзін Сары Алмаздың әйелімін деген Сиотра Назароваға жауап берді. "Время" басылымына сұхбат берген Гузяль бұл ақпаратты растайтын фактілер жоқтығын алға тартуда деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Роксана және Гузяль Насеновтар және Ситора Назарова. Фото: yvision.kz, time.kz

Роксана және Гузяль Насеновтар және Ситора Назарова. Фото: yvision.kz, time.kz

Гузяль Ситораның әкесі туралы фильм түсіруге ниетті екенін БАҚ-тан білген. Бойжеткен Ситора, осылайша Несіпбайдың атын пайдаланып, танымал болғысы келеді деген пікірде.

"Ол туралы ештеңе айтқым келмейді, себебі әнші Сары Алмаздың есімін пайдаланып, елге өзін ұмыттырмаудың амалын жасап отырғандай. Ол өзін бұқаралық ақпарат құралдары жиі еске алып, талқылап отырғанды көздейді", - дейді Гузяль.

Ситораның бес жыл бойы Несіпбай Насеновтің әйелі болдым және одан бала сүйдім деген сөзіне Гузяль сенбей отыр. Бойжеткен анасының қазасынан кейін әкесі талай әйелмен болғанын және көп баласы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Алайда Ситораның сөздеріне ешқандай дәлел жоқтығын алға тартуда.

Гузяль әкесінің өзге балалары болса, олармен танысуға қарсы еместігін айтуда. Оның сөзіне сенсек, әкесі өзге әйелден тек бір қызы барын мойындапты. Оның есімі - Роксана. 23 жастағы бойжеткен бүгінде АҚШ-та тұрып жатыр екен. Гузяль онымен жақсы араласып тұрады.

Роксана және Гузяль Насеновтар. Фото yvision.kz

Роксана және Гузяль Насеновтар. Фото yvision.kz

"Сол себепті, бүгінде өзін Сары Алмаздың әйелімін дейтіндерге күлкім келеді. Оның мұндай "әйелдері" өте көп болған", - дейді Сары Алмаздың қызы.

Несіпбайдың қазасынан кейін Гузяльды әжесі өз қолына алған. Қанша қоқан-лоққы көріп, қиналса да, әкесінің атын пайдалануды ойына алмаған ару Yvision тұғырнамасында көпшілікке ашық хат жолдады.

"Мен өз әкемді жақсы көремін және оны мақтан тұтамын. "Мен Сары Алмаздың" қызымын деп жұртқа мақтанған емеспін. Бұл дұрыс емес. Оның үстіне "бүгінде мен оның сүйікті әйелімін" деп "арзан статуспен" мақтанған, тіпті дұрыс емес. Бұл мақтанып, жалпақ жұртқа жариялайтын дүние емес.

Ол фильмде сіздерге не айтады? Онымен қалай түндерді өткізгенін бе?.. Оған қалай сыйлықтарды үйіп-төккенін бе? Бұл ешкімге қызық емес деп ойлаймын", - дейді Гузяль.

Еске салсақ, Сары Алмаз лақап атымен танымал Несіпбай Насеновтің 28 жастағы қызы Гузяль әкесінің ақымақ бандит еместігін мәлімдеген болатын.

"Время" басылымының рұқсатынсыз материалды көшіріп-басуға болмайды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel