RU
Қазақстанда менингитке қарсы екпе неліктен шығарылмайды?
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда менингитке қарсы екпе неліктен шығарылмайды?

Рассказать Вконтакте

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин менингитке қатысты ахуалмен таныстырып, елімізде менингококк инфекциясына қарсы екпе не себепті шығарылмайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Жандарбек Бекшин

Жандарбек Бекшин

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, аталған инфекцияға қарсы екпе шығару үшін, Қазақстандағы халық саны 50 млн-ға жетуі керек екен.

"Бізде вакцина шығару үшін халқымыздың саны ең кемінде 50 млн болуы тиіс және ол удай қымбатқа түседі. Сондықтан біз қазіргі таңда оны арзан бағамен шетелдерден аламыз. Мысалы кейбір шетелдік фармацевтикалық компаниялар оны 200-500 млн дозаға дейін шығарады, яғни көлемі көп. Сол себепті олардың вакцинасы қашан да арзан болады. Бірақ Қазақстан мүлде екпе шығармайды деуге келмейді. Мысалы обаға қарсы екпенің 200 мың дозасын өзіміз өндіріп жатырмыз", - дейді маман.

Сонымен бірге ол аталған вакцинаны шығару үшін, жоғары технологиялардың да қажет екенін атап өтті.

"Әзірге бізде ондай мүмкіндік жоқ, сондықтан Қазақстанда бұл вакцина шығарылмайды", - деп сөзін қорытындылады бас санитар.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel