RU
Мұсылмандардың қысымынан соң Месси Израильмен ойнаудан бас тартты
Жаңалықтар Әлемде

Мұсылмандардың қысымынан соң Месси Израильмен ойнаудан бас тартты

Рассказать Вконтакте

Израиль мен Аргентина құрама командалары арасындағы ойын өтпейтін болды. Белгісіз біреулер Мессиге қоқан-лоққы көрсеткендіктен, аргентиналықтар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кездесуден бас тартқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Аргентина құрамасы жаттығу жасаған Барселонадағы алаң маңында палестиналықтар өз наразылық шараларын ұйымдастырған.

Белгісіз біреулер қызыл бояу жағылған Мессидің формасын ала келе өз қарсылықтарын ашығынан білдірді. Бұл оқиға аргентиналық тараптың зәресін ұшырып, футболшыларды әбігерге салған.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Палестиналықтар екі құрама арасындағы ойынның дәл Иерусалимде өтетінін құптамайтын көрінеді. Сол себепті, екі жақ та бұл жолдастық кездесуді өткізудің қажеті жоқ деген шешімге келген.

"Футболшылар өздерінің қауіпсіздігі үшін алаңдауда. Ойын болмай тұрып мынадай оқиға болып жатқанда, кездесу өткен күні не болары құдайға аян", - деп айтты Аргентина футболы федерациясының өкілдері.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel