RU
Алуа Қонарова алты жыл бойы Баян Алагөзовамен соғысқанын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Алуа Қонарова алты жыл бойы Баян Алагөзовамен соғысқанын айтты

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал продюсер Алуа Қонарова «The Эфир» жобасына берген сұхбатында Баян Алагөзовамен арасында болған кикілжің туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Алуа Қонарова мен Баян Мақсатқызы. Фото: comode.kz

Алуа Қонарова мен Баян Мақсатқызы. Фото: comode.kz

Продюсер кезінде өзі бастап құрған «Кешью» тобы туралы айтты. Алғашқы жылы қыздармен продюсер ретінде жұмыс істеген Алуа «Ринго» тобы құрылғаннан кейін әнші қыздарды Баянға беруді жөн көрген екен.

Айтуынша, Баянның ол кезде продюсер ретінде тәжірибесі болмағандықтан, алғашқы бейнебаян түсірілімінде көмектескен.

«Баян менен өзі қоңырау шалып, ақыл-кеңес сұрап тұратын. Кейін арамызда келіспеушілік пайда болып, ұрыс-керіске айналды. Бұл расымен де соғыс болатын. Бірақ уақыт өте келе екеуіміз бір телевизиялық жобада кездестік. Сонда отырып, екеуіміз айқай-шуды жылы жауып қоя салу туралы сөйлестік. Біз қазір көп өзгердік. Барлық реніштерге нүкте қойдық», - деді ол.

Атышулы продюсерлер арасындағы реніш алты жылға созылған. Алуа екеуінің арасындағы ұрыстың себебін бәсекелестік деп көрсетті.

«Бәлкім сол кезде «кім мықты» деп таласқан шығармыз? Әлі есімде сол уақыттарда белгілі бір баспа жыл сайын ең үздік продюсерді анықтайтын. Баян екеуіміз кезектесіп, бірінші орында тұратынбыз, яғни бірде ол, бірде мен», - деді

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
1
0
1
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір