RU
Мектеп оқушысы өртеніп жатқан үйден екі балақайды құтқарып шықты (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Мектеп оқушысы өртеніп жатқан үйден екі балақайды құтқарып шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

30 мамыр күні Үшарал қаласындағы Теректі ауылында жеке үй өртеніп, ішінде тоғыз және алты жасар екі бала қалып қояды. Оларды құтқарушылар келіп жеткенше, 11-сынып оқитын көрші жігіт қызыл жалыннан алып шыққан деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Теректі ауылындағы Рысқұлов көшесі, № 69 мекенжайда оқыс оқиға бола салысымен, куәгерлер өрт сөндіру қызметіне хабарласқан. Алайда олар келіп жеткенше, көмекке 11 сынып оқитын Әбдиев Елдар кіріседі.

Көрші жігіт жас болса да, өрттің арасына еніп, үйдегі тоғыз және алты жасар екі балақайды құтқарып қалған. Кішкентайлар қызыл жалын тұтанған соң, қорыққаннан бөлмедегі төсектің астына тығылып қалыпты.

Осылайша жас бала жасаған көзсіз ерліктің арқасында екі адамның өмірі аман сақталып, жарақат алғандар болмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір