RU
Астананың ми балшық пен "құрбақалар" қаласы екені рас па? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астананың ми балшық пен "құрбақалар" қаласы екені рас па? (фото)

Рассказать Вконтакте

Астаналықтар елорданың ми балшық пен "бақалар" қаласы екенін жиі айтады. Елордалықтар әсіресе жауын жиі жауып, күн ысымайтын сәтте шаһарда құрбақалар қаптап кетеді дейді. Еліміздің бас қаласы расымен де құрбақалар мекеніне айналды ма? Мәселені NUR.KZ зерттеп көрді.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Ел аузында Астана жайлы түрлі қауесет тарағанымен, елорданың "бақалар" қаласы екенін бірі білсе, енді біле бермейді. Шаһарда жорғалаушылардың көп болғаны соншалық, олар тіпті саябақтарда да жүретін көрінеді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Сенбесеңіздер кешке келіп көріңіздер. Біз мына "Гранд Астана" тұрғын-үй кешенінде тұрамыз. Кешке балалармен серуенге жиі шығамыз. Биыл күн салқын болған соң, сыртқа көп шықпай жүрміз.

Бірақ былтырлары, алдыңғы жылы да кешке бақалардың бақылдаған "әнін" естуге болады. Мына субұрқақтардың маңындада жүреді.

Телефонымда тіпті талай суреттері де болған. Әттең кішкентайларым өшіріп тастапты, сіздерге фото, видеосын да ұсынатын едім", - дейді астаналық азамат.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Расымен де, елордалықтар жиі қатынайтын қаладағы саябақтардың бірі – "Пирамида" жанындағы мына демалыс орны болып табылады. Алайда субұрқақ маңынан жорғалаушыларды әзірге көрмедік. Десе де, астаналықтардың дені аталған жерде көл бақаларының көп екенін жасырмады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Мен кішкентай сәбиіммен жиі келемін. Біздің маңда осыдан басқа саябақ та жоқ. Биыл әлі байқамадым, былтыр көп жүретін. Балалар мына субұрқақтардың маңында ойнап жүреді.

Зиянсыз жорғалаушы ғой, тек адамдар өздері тиіспесе болғаны. Әрине сырттан қонақтар келіп жатса ыңғайсыз болуы мүмкін. Бірақ бұл Астананың экологиялық тұрғыда таза қала екенін білдіреді. Мұнда су көп болғандықтан маса да көп. Кешке таман таланып қаласыз",-дейді астаналық жас аналардың бірі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
4
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір