Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал әнші елден жасырған отбасылық құпиясымен бөлісті (видео)

Опубликовано:

Шоу бизнес әлемінде көпшіліктен отбасы жайлы мәліметті жасыратындар жиі кездеседі. Өнердегі ағаларының жолын қуған Қанат Үмбетов те осы уақытқа дейін өз отбасы жайлы ешкімге жақ ашпаған. Ол өзінің екі баласы бар екенін "Шопыр қыз" бағдарламасында жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қанат Үмбетов. Фото: слушать-музыку.рф
Қанат Үмбетов. Фото: слушать-музыку.рф: UGC

Тоқтар Серіковтің шәкірті көпшілікті осыған дейін басым бос деп алдап келген.

"Біз өнерге енді келгенде отбасымызды жасыруға мәжбүрледі. Отбасым бар. Құдайға шүкір. Үлкен балам төртінші сынып оқиды. Жасы онда. Бұны естіп бала мен қызымның жүрегі қуаныштан жарылатын шығар.

Кейде Тоқтар ағам "Маған бәрібір, отбасың бар екенін айтып тастаймын" деп қорқытатын. Шүкір, қазір айтатын уақыт келген шығар. Бұл жайында ешқандай сұхбатта айтпаған болатынмын", - деді Үмбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1735945-otandyk-tanymal-nsi-elden-zasyrgan-otbasylyk-kpiasymen-blisti-video/

pixel