RU
Алматы облысында трансгендер колония қызметкерінің погондарын жұлып тастады
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында трансгендер колония қызметкерінің погондарын жұлып тастады

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының Жауғашты колониясында ірі көлемде ақша бопсалағаны үшін жазасын өтеп жатқан трансгендер Виктория Беркходжаеваның адвокаты Айман Умарова оны колонияда қорлап жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Трансгендер. Фото: Facebook.com/aiman.umarova

Трансгендер. Фото: Facebook.com/aiman.umarova

Айман Умарова Facebook парақшасында Виктория Беркходжаеваның ГУ ЛА 155/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқанын жазған.

Адвокаттың сөзіне сенсек, түрме қызметкерлері Викторияға қорлық көрсетуде.

"Беркходжаева Виктория күн сайын қызметкерлер мен әкімшілік тарапынан және сотталушылардан қорлық көруде (…). Кезінде жынысын ауыстырып, әйелге айналғаны үшін оны мазақ етуде", - дейді Айман Умарова.

Адвокат жақында санитарлық бөлімнің фельдшері Викторияның үстінен шағым түсіргенін айтуда. Трансгендер "өзін талай рет мазақ еткен" аталмыш қызметкердің погондарын жұлып тастаған екен.

Қызметкер арпалыс кезінде басындағы фуражканы құлатып алып, бас-миы шайқалғанына да шағымданыпты.

Адвокаттың айтуынша, бұл қиындықтардың артында белді бизнесмен тұр.

Tengrinews.kz агенттігінің ақпаратына сәйкес, түрме қызметкерлері трансгендерге қорлық көрсетіліп жатқанын жоққа шығарды.

Олар погонды жұлуға қатысты жағдай сотталушының қызметкер талабын орындаудан бас тартуы салдарынан орын алғанын алға тартты.

Еске салсақ, өткен жылдың наурызында трансгендер жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
3
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel