RU
Әлемге әйгілі Араш қазақ әншісінің әнін ұрлап алған (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әлемге әйгілі Араш қазақ әншісінің әнін ұрлап алған (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлемге атағы шыққан араб әншісі Араш қазақстандық әнші Ерлан Орынбасаровтың "Жаралы" атты әнін ұрлап алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Араш пен Ерлан Орынбасаров. Фото: stan.kz

Араш пен Ерлан Орынбасаров. Фото: stan.kz

Қазақ әншісі Ерлан Орынбасаров өзінің әнін 2014 жылы жазып, оны өзінің YouTube арнасына 2015 жылдың 6 сәуірінде жариялаған болатын. Ал араб әншісі болса бұл әнді еш өзгертпей, ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні өз арнасына жүктеген.

"Біздің елде басқа елдің әнін біздің əншілер ұрлапты десе, барлығы жау шаптырып, отандық əншілерді кінəлай бастайды. (Плагиат деп) ", - дейді Баян Нұрмышова.

Баянның айтуынша, олар әнші Арашты Алматы, Астана, Қызылорда қалаларында өтетін қазақтардың талай тойларында өнер көрсеткенін өз көзімен көрген.

"Негізі ескерсек, біз бұған байланысты бір дау-дамай іздеп отырғанымыз жоқ. Жалпы айтпағым өзіміздің өнерпаздарды, сазгерлерімізді аса бағаламаймыз. Міндетті түрде басқа ұлттың арасына барып топ жарғанда ғана, ел-еліне, жер-жеріне дейін бөліп мақтанамыз", - деп жазды ол өзінің жеке парақшасында.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
9
3
0
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel