RU
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті ел аймақтарына жұмыс сапарын бастады
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті ел аймақтарына жұмыс сапарын бастады

Рассказать Вконтакте

​Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті спорт Дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Қазақстан аймақтарына жұмыс сапарын бастады. Еліміздегі ең басты олимпиадалық ұйымның өкілі алдымен Ақтөбе облысына ат басын тіреді деп жазады olympic.kz.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті ел аймақтарына жұмыс сапарын бастады

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті ел аймақтарына жұмыс сапарын бастады

Үш ай көлемінде Е. Қанағатов облыстардағы спорт өкілдерімен кездесіп, шалғайдағы аудандарды аралайды. Сондай-ақ, аймақтағы спорт нысандарымен танысып, өңірлердегі спортты дамыту мәселесін жергілікті билік өкілдерімен талқылайды.

Әрбір сапар барысында облыстың спорт саласындағы басшылары және спорт өкілдерімен кеңейтілген жиналыстар өткізіліп, еліміздегі танымал спорт түрлерін саралау және бұқаралық спортты дамытуға арналған ҰОК-нің жаңа жұмыс форматы түсіндіріледі.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті ел аймақтарына жұмыс сапарын бастады

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті ел аймақтарына жұмыс сапарын бастады

Е. Қанағатов үш күн ішінде аймақтағы барлық спорттық нысандарды аралап, облыс орталығынан алыс жатқан аудандардағы спорттың жай-күйін білу мақсатында Мұғалжар, Қобда және Алға аудандарында болды.

Олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға арналған кеңейтілген жиынға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықов, сондай-ақ, аймақтық спорт федерациялары мен ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Жиын барысында облыста хоккей аренасының салынып жатқандағы хабарланды, сондай-ақ, барлық халықаралық талаптарға сай келетін жеңіл атлетика манежінің жобасы дайындалуда.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті ел аймақтарына жұмыс сапарын бастады

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті ел аймақтарына жұмыс сапарын бастады

2019-2020 жылдары тапсырылады деп жоспарланған теннис орталығының құрылысы туралы жоба да дайын. Жақында олимпиада резервін дайындайтын Есет батыр атындағы колледжге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ал қазіргі кезде «Жекпе-жек» спорт сарайы мен 50 метрлік бассейін және жаңа мұз айдыны модулі жұмыс істеп тұр. Облыс басшылығы олимпиадалық спорт түрлерін дамытып, бұқаралық спортты насихаттауға көп көңіл бөлуде.

Кездесу барысында әлі шешімін таппаған мәселелер де талқыланды. Кейбір маңызды мәселелерге байланысты облыс әкімінің орынбасары бірқатар тапсырма берді. Жиын қатысушыларын толғандырып отырған басты сұрақ – синхронды жүзу, хоккей және мәнерлеп сырғанау секілді спорт түрлерінен кәсіби кадрлардың жоқтығы.

Сондай-ақ, жас жаттықтырушылардың төмен жалақы алатыны да ұмыт қалған жоқ. Медициналық спорттық диспансердің жоқтығы да аймақтағы спорт жанашырларын алаңдатып отыр.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті ел аймақтарына жұмыс сапарын бастады

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті ел аймақтарына жұмыс сапарын бастады

Бір айта кетерлігі, облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев жергілікті спорт басқармасына медициналық спорттық диспансер ашу туралы мәселені дереу шешуді тапсырды.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары олимпиадалық спорт түрлерінен жергілікті федерациялардың жұмысын реттеп, спорттық клубтар ашу кезінде еліміздің өзге аймақтарынан тәжірибе жинауды міндеттеді.

«Қазақстанның ҰОК еліміздегі олимпиадалық спорт түрлерін одан әрі дамыту үшін алға үлкен жоспар құрып отыр. Осы орайда аймақтардыңқолдауы мен қызығушылығына көп нәрсе тәуелді.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитетінің Төрағасы Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың тапсырмасымен біз үш ай көлемінде еліміздің бар аймағын аралап, облыс басшыларымен кездесіп, аймақтағы олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға не кедергі екенін анықтайтын боламыз.

Ең шалғай аудандар да ұмыт қалмайды. Біз спорттың шын мәнінде дамып, бұқаралық сипат алып, қолжетімді болғанын қалаймыз», - деді Елсияр Қанағатов өзінің жұмыс сапары туралы.

Қазақстан ҰОК спорт Дирекциясы директорының айтуынша, іссапар қорытындысы бойынша олимпиадалық қозғалысты әрі қарай дамыту жөнінде есеп беріледі. Бірақ көптеген мәселелер жергілікті билік өкілдерімен кездесу барысында шешімін табуда.

Е. Қанағатовтың айтуынша, аймақтардағы маңызды спорт түрлерін саралау мәселесі күн тәртібінен түспейді.

«Саралаудың басты мақсаттарының бірі - басымдыққа ие спорт түрлерін қаржыны бөлу арқылы қолдау, Әзірге, аймақтарда маңызды спорт түрлерін саралау жөнінде алға басушылық байқалмайды».

Іссапардың алғашқы бөлігінде еліміздің батыс өңірлерін аралау жоспарланған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel